Тергеу деректері бойынша, жас жігіт «курьер» қызметін атқарған. Ол банк карталары мен ұялы телефондарды тасымалдап, қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың нұсқауымен банкоматтар арқылы ақша шешіп алған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті сәуір айынан бастап банк карталары мен ұялы телефондарды жеткізумен айналысқан.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары қазақстандықтарды банк карталарын, реквизиттерін және ұялы құрылғыларын үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ банк шоттарын пайдалануға немесе ақша аударуға байланысты «оңай табыс» ұсыныстарына келіспеуге шақырады. ІІМ мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Дереккөз: Zakon.kz