Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орындалу барысы қаралып, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Алматыдан Қаскелеңге дейінгі 8 шақырымдық жол учаскесін 8 жолаққа кеңейту жобасын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қаржыландыру Қазақстан Даму банкі арқылы жүзеге асырылады. Екі жол айрығы және 9 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынады. Нәтижесінде бұл учаскенің өткізу қабілеті екі есе артады. Құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру 2027 жылдың желтоқсанына жоспарланған.
ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Әбдуллин трассаны кеңейту жобасының кейбір мәліметтерін ашты:
Жоба аясында 8 шақырымдық учаскеде жол төсемі мен инженерлік инфрақұрылым толық жаңартылады. Құрылыс мердігері анықталып, қажетті техника мен жұмысшылар жұмылдырылды.
Спикердің айтуынша, жұмыстар 2027 жылдың соңына дейін аяқталады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы және маңайдағы елді мекендер тұрғындарының трассаның шамадан тыс жүктелуіне қатысты шағымдарына назар аударған. Осыған байланысты президент жолды кеңейту жобасын дереу бастауды тапсырған. Премьер-министр Олжас Бектенов 2026 жылғы 14 шілдедегі кеңесте мердігерге апта соңына дейін техника мен персоналды жұмылдырып, 20 шілде, дүйсенбіде құрылыс жұмыстарын бастау керектігін мәлімдеген.
Дереккөз: Zakon.kz