16-18 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді: кей аймақтарда нөсер, найзағай, бұршақ және температураның төмендеуі, ал басқа жерлерде өте күшті 46-градустық ыстық болады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 16 шілдеде ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз +31+33°C, жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с, күндіз 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. 17 шілдеде жауын-шашынсыз, түнде +17+19°C, күндіз +31+33°C. 18 шілдеде түнде +18+20°C, күндіз қатты ыстық +35+37°C, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай.
Алматыда 16 шілдеде түнде +22+24°C, күндіз қатты ыстық +36+38°C, жауын-шашынсыз. 17 шілдеде түнде +22+24°C, күндіз өте күшті ыстық +38+40°C. 18 шілдеде түнде +24+26°C, күндіз өте күшті ыстық +40+42°C.
Шымкентте 16 шілдеде түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +41+43°C. 17 шілдеде түнде +23+25°C, күндіз қатты ыстық +44+46°C. 18 шілдеде түнде +25+27°C, күндіз өте күшті ыстық +46+48°C.
Дереккөз: Zakon.kz