...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Полиция Алматы проверила 360 квартир в «Алма Сити»: изъято 25 бутылок алкоголя

Алматы полициясы ірі тұрғын үй кешендерінің бірінде рейд жүргізіп, заңсыз алкоголь саудасын анықтады. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «Алма Сити» тұрғын үй кешенінде 10 көппәтерлі үй мен 360 пәтер тексеріліп, профилактикалық есепте тұрған адамдар да қаралды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Сауда нысандарында лицензиясыз алкоголь сату фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 25 бөтелке алкоголь өнімі тәркіленіп, материалдар сотқа жіберіледі. Сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтық қару иелері тексерілді. Тіркеу орны бойынша тұрмағаны үшін 20 адам жауапкершілікке тартылды.

Тұрғындармен интернет-алаяқтықтың, пәтер ұрлығының және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша әңгімелесу жүргізілді.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Тимур Ногайбаевтың айтуынша, мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу.

«Алма Сити» – бес кезектен тұратын үлкен тұрғын үй массиві (шағын аудан).

Дереккөз: Zakon.kz