...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Құлжа трактісінде үш күнге реверсивті қозғалыс енгізіледі

Алматыда Құлжа трактісінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше күнге қозғалыс шектеледі. Қала әкімдігінің хабарлауынша, 24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Бұқтарма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер жолдың орташа жөндеуі аясында асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеуге байланысты енгізіледі. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимін сақтау сұралады. Жұмыс жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Дереккөз: Inalmaty.kz