
18 мамыр 2026 жылы Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеожағдайлар – бұл қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, олар зиянды заттардың жер бетіндегі ауа қабатында жиналуына әкеледі. Мұндай кезде елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін басты фактор – синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).
ҚМЖ кезінде мыналар ұсынылады:
- өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек;
- ашық ауада дене жүктемесін шектеу, спортпен жабық кешендерде айналысу қажет.
Бұған дейін Қазақстанның 17 облысы мен Шымкент қаласында дауылды ескерту жарияланған болатын.
Дереккөз: Inform.kz