Алматыда есінен танып, жерде жатқан еркекке Ұлттық ұланның сарбаздары алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жерде жатқан адамды байқаған әскери наряд бастығы қатардағы Әзамат Бүкенов пен патрульдік қатардағылар Нұрасыл Нұрлан және Ахмет Тыныштық бірден оның жанына барған.
Олар еркекке орнынан тұруға көмектесіп, орындыққа отырғызды және жеке таңғыш қаптамаларының көмегімен мұрыннан қан кетуін тоқтатты.
Кейін зардап шегушіні әрі қарай тексеру және қажетті көмек көрсету үшін келген жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Ұлттық ұлан сарбаздары есінен танып қалған еркекке көмек көрсетіп, мұрыннан қан кетуін тоқтатып, оны дәрігерлердің қолына тапсырды.
