...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Қоғам

Астанада түнде -3°С аяз бен тұман: үш мегаполис бойынша болжам жаңарды

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 27, 28 және 29 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Қазақстанда алдағы күндері ауа райын антициклон анықтайтыны хабарланған болатын.

Астана:

27 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік бағыттағы жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.

28 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Батыс, солтүстік-батыс жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +8+10°С.

29 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыс, солтүстік-батыс жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +6+8°С.

Алматы:

27 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде аяз -1-3°С, күндіз +11+13°С.

28-29 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +12+14°С.

Шымкент:

27 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +17+19°С.

28-29 қазан: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.