...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматы маңында үш қыз таудан түсе алмай, құтқарушыларға жүгінді

Алматыға жақын тауда теңіз деңгейінен 3010 метр биіктікте үш қыз таудан түсу кезінде көмекке жүгінді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Тік беткейге байланысты олар түсуді жалғастыра алмаған. Құтқарушылар қыздарды Бесағаш кенті бағытындағы автомобиль жолына дейін шығарып салды.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында ауылдар арасындағы жолда екі ересек адам мен бір бала қарлы балшыққа батып қалғаны хабарланған болатын.