...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ЛЭП зақымдалуына байланысты көше бір аптаға жабылады

Алматыда Олимпийская көшесіндегі №4А үйдің маңында жолдың Тышқанбаев көшесінен Байқоңыр көшесіне дейінгі бөлігі жабылады. Бұл туралы 2026 жылғы 11 қыркүйекте «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Компанияның хабарлауынша, жөндеу жұмыстары №2363 ЛЭП-220 кВ кабельдік учаскесіндегі апатқа байланысты қажет болған. Қазіргі уақытта қаланың энергия жүйесі еріксіз ажыратылған схема бойынша, кернеу деңгейі төмендетіліп жұмыс істеп тұр. Мұндай жағдайда қайталама ақау орын алса, тұтынушыларда ауқымды жарық сөнуі мүмкін екені ескертілді.

Жөндеу жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Аяқталған соң мамандар жолдың зақымдалған абаттандыру бөлігін толық қалпына келтіреді.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды және бүкіл қаланың қауіпсіздігі үшін қажет уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Бұған дейін Алматы облысында 2026 жылғы 3 қыркүйектен бастап Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» автожолы учаскесінде жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелгені белгілі болды.