...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Құрбан айт 2025: Алматыда құрбандық шалу орындары белгілі болды

Алматыдағы 56 мешіттің барлығында 27 мамыр күні сағат 06:00-де мерекелік айт намазы өтеді. Қаланың бас имамы Төлеби Оспан құрбандық шалу үшін бес ауданда арнайы алаңдар ұйымдастырылғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құрбандық шалу орындары: «Мырзахмет» мешіті — Қарасу шағын ауданы, Северное кольцо көшесі, 15; «Алғабас» мешіті — Алғабас шағын ауданы, Ақбөпе көшесі, 6; «Әл-Әзим» мешіті — Азат көшесі, 20а; «Нұр» мешіті — Ұйғыр көшесі, 16/1; «Бақыткелді» мешіті — Хан-Тәңірі шағын ауданы, Дулати көшесі, 27/11; «Омар ибн аль-Хаттаб» мешіті — Жуков көшесі, 136а; «Аманқұл ата» мешіті — Т. Бигелдинов көшесі, 5; «Фатима» мешіті — Малая көшесі, 14; «Райымбек батыр» мешіті — Думан-1 шағын ауданы, Хан Тәңірі көшесі, 15; «Арафат» мешіті — Ибрагимов көшесі, 5а; «Қалқаман-2» мешіті — Қалқаман-2 шағын ауданы, Аспандияров көшесі, 84; «Қайрат» мешіті — Қайрат шағын ауданы, Сарымолдаев көшесі, 22.

Имамның айтуынша, алаңдарда мешіт қызметкерлері жұмыс істеп, діни талаптардың сақталуын қадағалайды. Сонымен қатар, Алматыда qurban.muftyat.kz онлайн-сервисі қайта іске қосылды. Тұрғындар қашықтан құрбандық шалуға тапсырыс бере алады. Рәсімнен кейін пайдаланушыларға бейне есеп жіберіледі.

Платформа арқылы мұқтаж отбасылардан ет алуға өтінімдер қабылданады. Ет қабылдау және тарату пункттері қаладағы 56 мешіттің барлығында ұйымдастырылады. Өнімді сақтау және тасымалдау үшін арнайы мұздатқыш камералар мен көлік дайындалған.

Еңбек кодексіне сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып есептеледі. Сондықтан қазақстандықтарға қосымша демалыс сәрсенбі, 27 мамырға келеді.

Дереккөз: Zakon.kz