
Алматыда Орталық және Талды көшелерінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы жол-жөндеу жұмыстары мен қозғалыстың жабылу уақыты туралы хабарлайтын Telegram-арна мәлімдеді.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады.
Қала жүргізушілеріне маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылды.
Бұған дейін Алматының Алмалы, Әуезов және Жетісу аудандарында ТЭЦ-1-ден 6-10 кВ кернеулі кабельдік электр желілерін реконструкциялау жұмыстарына байланысты 21 мамырдан бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №17 және №123 маршруттардың қозғалыс схемасына уақытша өзгерістер енгізілетіні хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz