Korea Netflix компаниясының белгілі корей күрескерлерінің қатысуымен жаңа реалити-шоу Strong Fellas түсіретін тобы Алматыға келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сапар барысында қонақтар Жасыл базар мен 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта болып, қаланың тарихы, мәдениеті және атмосферасымен танысты. Жасыл базарда қатысушыларды корей салаттарының кең таңдауы мен ұлттық кәдесыйлар ерекше әсерлендірді.
Сондай-ақ түсіру тобы қазақ асханасының тағамдарын татып көрді. Қонақтардың айтуынша, оларға ет деликатестері мен алматылықтардың қонақжайлылығы қатты әсер еткен.
Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, мәдени және гастрономиялық бағдарлама сапардың ең жарқын бөліктерінің бірі болып, Korea Netflix өкілдерінде Қазақстанның оңтүстік астанасы туралы жылы естеліктер қалдырды.
Дереккөз: Inalmaty.kz