...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

9-11 шілдеде Астана, Алматы және Шымкентте +40°С-қа дейін ыстық болады

Синоптиктер Қазақстанда 9-11 шілде аралығында күтілетін ауа райы болжамын жариялады. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күндіз температура +40°С-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астанада 9 шілдеде ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +32+34°С болады. Жел шығыс бағыттардан соғады, түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с. 10 шілдеде түнде +18+20°С, күндіз қатты ыстық +34+36°С. 11 шілдеде түнде +19+21°С, күндіз +35+37°С.

Алматыда 9 шілдеде күндіз аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +31+33°С. 10-11 шілдеде жауын-шашынсыз, түнде +20+22°С, күндіз +34+36°С.

Шымкентте 9 шілдеде жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +37+39°С. 10 шілдеде түнде +23+25°С, күндіз +38+40°С. 11 шілдеде түнде +24+26°С, күндіз +38+40°С.

Дереккөз: Zakon.kz