
Сейсмологтар Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ-не сілтеме жасап.
— ҚР ТЖМ «ҰСЗЖҰ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 08 маусымда Астана уақытымен 21:55-те жер сілкінісін тіркеді. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Эпицентрдің координаттары 42.920º с. е. 78.188º ш. б. Тереңдігі 5 шақырым, — деп хабарлайды ТЖМ.
Есептік қарқындылық (баллмен) келесідей болды:
ТЖМ жер сілкінісі кезінде алдын ала ойластырылған 10 қарапайым қадамды қажет ететінін мәлімдеді:
• Алматы обл. Кеген ауданы Жалағаш ауылы 2 б.
• Сабырлық сақтаңыз, дүрлікпеңіз!
• Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
• Жиһаздан, терезеден, шамнан алыстаңыз;
• Сенімді берік баспана табыңыз: егер жоғарғы қабаттарда болсаңыз, күрделі, көтергіш қабырғалардың бұрышында орын алыңыз;
• Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде — сілкініс тоқтағаннан кейін);
• Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
• Дабыл чемоданын алыңыз (алдын ала дайындалған);
• Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан алыс тұрыңыз;
• Қайталанатын сілкіністерге дайын болыңыз;
• Қарт адамдарға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салайық, 4 маусымда Алматы мен Жетісу облысының тұрғындары жер сілкінісін сезген болатын.
Дереккөз: Inform.kz