«Казгидромет» РМК Алматы мен Астана тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) — бұл атмосфераның жер бетіндегі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына ашық ауада, әсіресе автокөлік жолдарының немесе ластанудың басқа көздерінің жанында болу уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулармен ауыратын адамдарға ашық ауада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру керек.
Бұған дейін синоптиктер 2026 жылдың 31 шілдесінде Қазақстанды қолайсыз ауа райы тұратынын хабарлаған болатын. Осыған байланысты олар елдің 17 облысында дауылды ескерту жариялады.
Дереккөз: Zakon.kz
