...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы бірқатар қала тұрғындарын ескертті

2026 жылғы 31 қазанда атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдай Жезқазған, Балқаш, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Алматы қалаларында, ал түнде Қарағанды, Теміртау, Атырау, Астана қалаларында күтіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі «Қазгидромет» хабарламасына сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) — бұл атмосфералық ауаның жер беті қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның 16 облысында 31 қазанға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.