Алматыда BMW 5 сериялы көлігін басқарған ер адам түнгі дрифт жасап, қауіпті маневрлермен тұрғындардың тыныштығын бұзды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жіберілген бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ер адам жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған бес тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар ол жүргізуші куәлігінен және бизнес-кластағы автокөлігінен айырылды.
Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
Айта кетейік, 2026 жылғы 25 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі мектеп маңында BMW-мен қауіпті дрифт жасаған жасөспірім туралы жазылған болатын.
