Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында табан сүйегінің (таранная кость) сирек зақымдануы — ротациялық ығысуы бар науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Аурухана мамандарының айтуынша, мұндай жарақат тәжірибеде сирек кездеседі. Табан сүйегінің ротациялық ығысуы кезінде сүйек өз осінен бұрылып, қалыпты орнынан жылжиды.
Ота сәтті өтті. Науқастың жағдайы туралы қосымша мәлімет хабарланған жоқ.
