...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

FlyArystan Алматыдан Чунцинге тікелей рейстер ашады: алғашқы ұшу 23 қыркүйекте

FlyArystan әуекомпаниясы Алматы – Чунцин бағыты бойынша жаңа халықаралық маршрутты іске қосатынын мәлімдеді. Қытайдың ірі қалаларының біріне алғашқы рейс 2026 жылғы 23 қыркүйекке жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Рейстер аптасына екі рет орындалады: Алматыдан сәрсенбі және сенбі күндері, ал Чунциннен кері рейстер бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады. Алматы мен Чунцин арасындағы ұшу ұзақтығы шамамен бес сағатты құрайды. Негізгі тариф бойынша билет бағасы бір бағытқа 96 мың теңгеден басталады.

FlyArystan президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхагеннің айтуынша, жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе тасымалына сұраныстың артуына байланысты. Оның пікірінше, Чунцин ірі экономикалық және туристік орталық мәртебесіне ие болғандықтан, сондай-ақ осы уақытқа дейін Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы болмағандықтан, ең перспективалы бағыттардың біріне айналды.

Дереккөз: Inalmaty.kz