Алматы көлік холдингі 20 шілдеде жол жөндеу жұмыстары аяқталуына байланысты 10 автобус бағытының бұрынғы схемасы қалпына келтірілетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ақан Серы көшесінің (Сейфуллин даңғылынан Шолохов көшесіне дейінгі учаске) жөндеу жұмыстары аяқталған соң, 21 шілдеден бастап №30, №73, №96, №102, №135 және №138 маршруттары бекітілген схема бойынша қозғалады.
Қарасай ауданы, Көксай ауылындағы Жаңа Ғасыр көшесінде де 21 шілдеден бастап №53, №83, №109, №115 маршруттарының бұрынғы схемасы қалпына келтіріледі.
Сондай-ақ, Көксай ауылындағы Қожабеков көшесінің Алматы қаласы шекарасынан Жаңа Ғасыр көшесіне дейінгі 1 км учаскесінде 21 шілдеден бастап №109 және №115 маршруттары бекітілген схемамен жүреді.
Еске сала кетейік, 15 шілдеде 15 автобус бағыты құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты уақытша өзгертілген болатын.
Дереккөз: Zakon.kz