...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Доллар бағасы 480 теңгеге дейін төмендеді: Алматыдағы айырбас бағамдары

Алматыдағы айырбас пункттерінде АҚШ валютасы 480 теңгеден сатылуда, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

30 маусымдағы кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 479.98 теңгені құрап, 5.28 теңгеге төмендеген. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап хабарланады.

Ұлттық банктің 30 маусымға белгілеген ресми доллар бағамы – 485.82 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 478 теңге, сату бағамы 480 теңге.

Дереккөз: Almaty.tv