...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда кортеждегі түлектер қауіпті шоу ұйымдастырды: полиция жауапқа тартты

Әлеуметтік желіде тараған видеода Алматыда кортежбен келе жатқан көліктердің терезелерінен адамдардың белге дейін шығып тұрғаны көрінеді. Бірінші көліктен екі қыз, ал оның артынан келе жатқан иномарканың люгінен бір жігіт шыққан. Қатарласып келе жатқан достары бәрін телефонға түсіріп отырған. Колоннаны бирюза түсті көлік жауып, оның терезелерінен де екі жігіт шығып тұрған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

КТК арнасының мәліметінше, полиция кортежге қатысқандардың барлығын анықтаған. Жолаушылар бір мектептің түлектері болып шыққан. Төрт жүргізуші, төрт кәмелетке толмаған түлек және олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынған.

Бұған дейін Алматыда адамдар зардап шеккен, үй мен электр бағанасы зақымданған жол апаты болғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz