Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасын 470 теңгеден сатып жатыр. 24 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 475.98 теңгені құрап, 9.76-ға өсті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми доллар бағамы – 465.74 теңге. Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 468 теңге, сату бағамы – 470 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv