...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда жыл басынан бері 41 заңсыз нысан сүрілді

Жыл басынан бері Алматыда заң талаптарын бұза отырып салынған 41 нысан толық немесе ішінара сүрілді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қазіргі уақытта қалалық әділет департаментінде заңсыз нысандарды толық немесе ішінара сүру туралы заңды күшіне енген тағы 74 сот шешімі орындалуда.

Жыл басынан бері басқарма мамандары 1072 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Олардың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 383,9 млн теңге айыппұл салынып, 432 нұсқама берілді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындағаны үшін 43 ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 40 ұйым мен техникалық қадағалау маманы құрылыс бақылауын тиісінше жүргізбегені үшін жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 148 жобалау ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 32,4 млн теңгені құрады.

Бұған дейін Алматыдағы Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосымша құрылыс пен үстіңгі қабаттың бөлшектелгені хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz