...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қаржы

Доллар бағамы 469 теңгеге жетті: Алматыдағы ахуал

Алматыдағы айырбас пункттерінде американ валютасы 469 теңгеден сатылуда. 23 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 466.22 теңгені құрап, 1.39-ға төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 23 шілдедегі ресми доллар бағамы 467.65 теңгені құрайды. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбас пункттерінде долларды сатып алу бағамы 467 теңге, ал сату бағамы 469 теңге болып отыр.

Дереккөз: Almaty.tv