
Алматы айырбастау пункттерінде американ валютасы 461 теңгеден сатылуда. 28 сәуірдегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 457.21 теңгені құрап, 2.95-ке төмендеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.
Ұлттық банктің 28 сәуірдегі ресми доллар бағамы – 460.80 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы 458 теңге, ал сату бағамы 461 теңге.
Дереккөз: Almaty.tv