Алматыдағы Саин көшесінде жаңа асфальт төселгеннен кейін жолда қалған қауіпті шұңқырлар туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Boris.drive деген Instagram парақшасының иесі әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жүргізушілерді сақтандырды. Оның айтуынша, Саин көшесінде, Рысқұлов көшесінен төмен қарай, қалаға қарай бағытта жаңа асфальт төселген, алайда сол жерде шұңқырлар қалып қойған.
«Саин көшесінде, Рысқұловтан төмен, қалаға қарай жаңа асфальт төселді — мынадай шұңқырлар қалдырып кетті. Бес шұңқыр, қоршау да, ештеңе де жоқ», — деп жазды бейнежазба авторы.
Бейнежазбада дөңгелегі қисайып қалған көлік көрсетілген. Ақау, болжам бойынша, шұңқырға түсу салдарынан болған. Автордың сөзінше, шұңқырлар «София» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан.
«Құлап кетуге болады. Міне, осындай жағдай болды. Дөңгелек те, жүріс бөлігі де бүлінді. Абайлаңыздар», — деді ер адам.
Желі қолданушылары да пікір қалдырды: біреулері белгі қою керектігін айтса, енді біреулері түнде шұңқырлар мүлде көрінбейтінін жеткізді. Пайдаланушылар ескерту үшін алғыс білдіріп, мұндай жағдайды жүргізушілер үшін қауіп деп атады.
NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұраған, алайда жариялау сәтінде жауап алынбаған.
