
Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты 28-29 сәуір аралығында түнгі уақытта қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық қызметтердің мәліметінше, 28 сәуір сағат 22:00-ден 29 сәуір сағат 6:00-ге дейін Рысқұлов даңғылы мен Даналық көшесі аралығындағы Шемякин көшесінің учаскесінде қозғалыс толығымен жабылады.
Жөндеу жүргізілетін жерге ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері жазылған ақпараттық стендтер орнатылады.
Жүргізушілерге өзгерістерді алдын ала ескеріп, маршруттарын шектеулерді ескере отырып жоспарлау ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz