...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Күлжін тас жолындағы жанжал қарулы жүргізушінің ұсталуына әкелді

Алматыдағы Күлжін тас жолында екі жүргізуші арасындағы жанжал қарулы адамның ұсталуына әкелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полицияға ер адам хабарласып, Күлжін тас жолында екі жүргізушінің арасында жанжал болғанын, қарсыласының пистолетке ұқсайтын зат көрсеткенін айтқан.

Ақпарат бірден Медеу ауданының патрульдік қызметіне жеткізілді.

Тергеу-жедел тобы көлікті тексеру кезінде травматикалық пистолет тауып, оны тәркілеген.

Бұған дейін Алматыда жүргізушінің ұсталуы полицейлерді синтетикалық есірткі өндірісінің болжамды орнын табуға әкелгенін жазған болатынбыз.