Алматыда жолдарға мотопатрульдер шықты: 30 мотоцикл қызметке кірісті
Алматыда мотопатрульдер санын арттырып, 30 мотоцикл қызметке кірісті. Мобильді экипаждар жолдағы жағдайды бақылап, бұзушылықтарға жедел ден қояды.
Алматы жаңалықтары Алма-Ата Almaty іс шаралар қайда қыдыруға болады? Көктөбе Медеу Шымбұлақ
Алматыда мотопатрульдер санын арттырып, 30 мотоцикл қызметке кірісті. Мобильді экипаждар жолдағы жағдайды бақылап, бұзушылықтарға жедел ден қояды.
Алматыдағы Бас ботаникалық бақ 4 мамырда санитарлық жұмыстарға байланысты жабылады. Қалған күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз: 09:00-20:00, касса үзілісі 15:00-15:30.
Алматыда полиция 20 жастағы жігітті есірткі сатуға күдіктеп ұстады. Одан 127 орама мефедрон, 2 мың таблетка экстази және 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Алматыда полицейлер 81 жастағы зейнеткерді ұрлап, пәтерін қайта жазуға мәжбүрлемек болған қылмыстық топты ұстады.
Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі 30 сәуір сағат 7:00-ден 2 мамыр сағат 7:00-ге дейін орташа жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады.
Алматыда Innotech халықаралық университеті Arizona State University серіктестігімен ашылды. Жаңа оқу орны қос диплом бағдарламаларын ұсынып, 2036 жылға қарай 10 мыңнан астам студентті тартуды жоспарлап отыр.
Алматыда жаңа оқу жылына қарай Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында тағы сегіз жайлы мектеп ашылады, бұл оқушы орындарының тапшылығын азайтуға көмектеседі.
Алматыда 6 500 оқушы Бірлік күніне орай «Көгершін» флешмобын өткізіп, би арқылы бейбітшілік символын жасады.
Алматыда полиция бөлімшелерін біріктіретін «Заң мен тәртіп» визуалды челленджі басталды. Наурызбай ауданы бастаған эстафета қаланың барлық аудандарын қамтиды.
Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында жабылып, 5 автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгереді.
