Алматыда жас жігіт тәуліктік пәтер жалдау сылтауымен жалған хабарландырулар орналастырып, ондаған адамды алдаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы 2026 жылғы 23 қарашада Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді. Ер адамның 32 алаяқтық эпизодына қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол ұсталды. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар Алматының Жетісу ауданындағы жеке үйлердің бірінен полицейлер қару-жарақтың тұтас арсеналын тапты, ол коллекция ретінде сақталған.
