...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда ауыр жол апаты: Mercedes көтеріліп, 60 метр аударылды

Алматыда Азербайжан Мамбетов пен Сырым батыр көшелерінің қиылысында бірнеше көлік қатысқан жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Сырым батыр көшесінен қиылысқа Peugeot 307 маркалы көлік кенеттен шығып кеткен. Сол уақытта Мамбетов көшесімен Mercedes E-класындағы автокөлік келе жатқан.

Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі соқтығысудан қашу үшін қарсы қозғалыс жолағына қарай күрт бұрылған, содан кейін көлік бордюрге соғылып, ауаға көтеріліп, аударыла бастаған.

Ол оңтүстік бағытта келе жатқан Toyota Carina E көлігін жанап өткен. Содан соң Mercedes бірнеше қоршау мен қоқыс контейнерлерін қағып кеткен.

Алдын ала деректерге сәйкес, жеңіл көлік 60 метр бойы аударылып, кейін тротуардан ұшып шығып, бүйіріне құлаған.

Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды. Toyota жүргізушісі жарақат алмаған. Ал Peugeot жүргізушісі жол апатын ресімдеу үшін полиция қызметкерлерін күткен.

Абай облысында мас күйіндегі жол талғамайтын көлік жүргізушісі қуғын барысында патрульдік автокөлікті соққыға жықты.