...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі екі тәулікке жабылады

Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігінде жол жүру уақытша шектеледі, өткел екі тәулікке дерлік жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мегаполисте орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігінде уақытша шектеулер енгізіледі. Қалалық қызметтердің мәліметінше, 30 сәуір сағат 7:00-ден 2 мамыр сағат 7:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралықта жол толығымен жабылады.

Жөндеу жүргізілетін жерге ескерту жол белгілері мен мердігер ұйымның байланыс деректері жазылған ақпараттық стендтер орнатылады.

Жүргізушілерден өзгерістерді алдын ала ескеріп, уақытша шектеулерді ескере отырып бағыттарын жоспарлауды сұрайды.

Дереккөз: Inalmaty.kz