...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда жолдарға мотопатрульдер шықты: 30 мотоцикл қызметке кірісті

Алматыда мотопатрульдер санын арттырып, мобильді экипаждар жолдағы жағдайды бақылап, бұзушылықтарға жедел ден қояды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалада әкімшілік полицияның мотопатрульдік взводының жұмысы күшейтілді. Бұл бөлімше жол қауіпсіздігін арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін іске қосылды. Мотопатрульдер әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальоны құрамына кіреді және жол-көлік жағдайына, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде жедел әрекет етуге бағытталған.

Жалпы қызметке 30 мотоцикл жұмылдырылды, бұл қызметкерлердің ұтқырлығы мен іс-әрекетінің тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

Алматы әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Әбдінур Тасыбаевтың айтуынша, мотопатрульдердің негізгі міндеті — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бұзушылықтардың алдын алу.

Дереккөз: Inalmaty.kz