...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі жабылады: 5 автобус бағыты өзгереді

Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, 30 сәуір сағат 07:00-ден 2 мамыр сағат 07:00-ге дейін Даналық көшесінен Кожедуб көшесіне дейінгі аралық толығымен жабылады. Жұмыс орнында ескерту белгілері мен мердігердің байланыс деректері бар ақпараттық стендтер орнатылады.

Осы кезеңде бірқатар автобус бағыттарының қозғалыс схемасы өзгереді:

  • №8 бағыт – солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша. Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай схема бойынша.
  • №32 бағыт – солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Сүйінбай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.
  • №51 бағыт – солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай схема бойынша.
  • №79 бағыт – солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Рысқұлов даңғылы – Сүйінбай даңғылы – Богдан Хмельницкий көшесі – Майлин көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Сүйінбай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы схема бойынша.
  • №126 бағыт – солтүстік бағытта: Жангелдин көшесі – Папанин көшесі – Богдан Хмельницкий көшесі – әрі қарай схема бойынша. Кері бағытта: Богдан Хмельницкий көшесі – Папанин көшесі – Жангелдин көшесі – әрі қарай схема бойынша.

Қала тұрғындары мен қонақтарын бағыттарын алдын ала жоспарлап, қоғамдық көлік қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруге шақырады.

Сонымен қатар, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда 1 мамырдан бастап тоғыз автобус бағытының схемасы уақытша өзгереді. Шектеулер Мұқатай Беспақов көшесінің Жұмабаев көшесінен Павлодар көшесіне дейінгі аралығында қолданылады.

Дереккөз: Inform.kz