...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Бостандық ауданының тұрғындары сусыз қалады: нақты күні мен уақыты белгілі

Бостандық ауданының тұрғындары 20 мамырда сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін суық сусыз қалады. «Алматы су» компаниясы желілерде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шектеулер Бостандық ауданындағы тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарды қамтиды. Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы – Жароков көшесі – Левитан көшесі – Үлкен Алматы өзені контурындағы үйлер, сондай-ақ Қазақфильм, Нұр-Алатау, Бағанашыл 1, 2 шағын аудандары сусыз қалады.

«Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар осы ауданның тұрақты сумен жабдықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз», — делінген «Алматы су» хабарламасында.

Сонымен қатар алматылықтарды 18-22 мамыр аралығында электр қуатының өшірілуі мүмкін екендігі туралы ескерткен — тиісті кесте мен мекенжайлар тізімі жарияланды.

Дереккөз: Nur.kz