Алматы қаласының әкіміне Алматы – Ғарышстанция автомобиль жолын жөндеу және «Алма-Арасан» санаторийіне кіреберіс жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоспар бойынша ұзындығы 26,5 шақырым учаскеге күрделі жөндеу жүргізу және тұрақ алаңын жасау көзделген. Сонымен қатар, БАО-ға канат жолы станциясын орналастыру тұжырымдамасы ұсынылды. Жаяу жүргіншілер жолын абаттандыруға ерекше назар аударылды.
Бұған дейін Алматыда Шымбұлаққа баратын жолдың бір бөлігі төрт айға жабылатыны хабарланған болатын.
Дереккөз: Zakon.kz