8 шілдеден бастап Астана – Қарағанды – Алматы республикалық трассасының учаскесінде уақытша жүріс шектеулері енгізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ хабарлады. Шектеулер жолдың орташа жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жөндеу жұмыстары 1121–1186 км және 1194–1209 км учаскелерінде жүргізіледі. 8–18 шілде аралығында күн сайын сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін Ақсай – Жібек жолы (1177–1186 км) бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Жөндеу кезінде автомобильдер айналма жолмен бағытталады.
Сонымен қатар, 8 шілдеден бастап Күрті – Шабыт (1121–1177 км) учаскесінде қозғалыс ашылады.
Жүргізушілерге маршрутты алдын ала жоспарлау, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау және сапар кезінде өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz