...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда сел қауіпті көлдерді бақылау үшін биік таулы бекеттер іске қосылды

Алматыда ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-нің бес биік таулы бақылау бекеті жұмысын бастады. Олар сел қауіпті мореналық көлдердің жай-күйін тәулік бойы бақылауға арналған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бекеттер Үлкен Алматы өзенінің алабындағы №13-бис және №10 көлдерде, Ақсай өзені алабындағы №8 және №9–10 көлдерде, сондай-ақ жоғарғы ағыстағы «Күмбел» гидробекетінде орналастырылды.

Маусымдық бекеттер гидрологиялық жағдайды тұрақты бақылауды, көлдердің жай-күйіндегі өзгерістерді уақтылы анықтауды және қауіп туындаған жағдайда ақпаратты жедел жеткізуді қамтамасыз етеді. Мореналық көлдерді бақылау сел қауіпті кезең аяқталғанша тәулік бойы жүргізіледі.

Бұған дейін Алматы облысында да осындай биік таулы бекеттер орналастырылған болатын. Өткізіліп жатқан іс-шаралар кешені халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және мореналық көлдердің жарылуына байланысты төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға бағытталған.

Дереккөз: Almaty.tv