Астана мен Алматы тұрғындары ыстық күндерден жаңбырдың көмегімен құтыла алса, Шымкентте жауын-шашын мүлдем күтілмейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қазақстан бойынша бүгін, 2026 жылғы 4 тамыздағы ауа райы болжамымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.
Астанада 5 тамызда ауа температурасы түнде +16…+18°С, күндіз +23…+25°С болады. Айнымалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін.
6 тамызда Астанада айнымалы бұлттылық, кейде жаңбыр және найзағай болады. Жел секундына 9-14 метр. Түнде +13…+15°С, күндіз +26…+28°С.
7 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 12 метрге жетеді. Түнде +13…+15°С, күндіз +26…+28°С.
Алматыда 5 тамызда айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Түнде +17…+19°С, күндіз +27…+29°С.
6 тамызда Алматыда айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел секундына 13 метр. Түнде +17…+19°С, күндіз +29…+31°С.
7 тамызда айнымалы бұлттылық, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Түнде +16…+18°С, күндіз +31…+33°С.
Шымкентте 5 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Түнде желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Түнде +19…+21°С, күндіз +30…+32°С.
6 тамызда Шымкентте айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +18…+20°С, күндіз +33…+35°С.
7 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Түнде +20…+22°С, күндіз +35…+37°С.
Дереккөз: Zakon.kz
