Алматының Алатау ауданында Центральная көшесі бойынша көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Шектеулер Саина көшесін БАҚАД-қа дейін тесу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Қала әкімдігінің мәліметінше, Аруана көшесінен Саина көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс 7 қарашадан 12 қарашаға дейін түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Әкімдік жүргізушілерді маршруттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.
«7-12 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саина көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Астанада бір қиылыста 25 күнге қозғалыс схемасы өзгеретіні хабарланған болатын.
