Алматыда 7-13 қараша аралығында ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Гүлтансық Медеуованың айтуынша, аталған кезеңде оңтүстік астанада ауа райы күрт өзгереді.
Метеорологтар тау демалысын ұнататындарға бөлек ескерту жасады. Алматы облысының тау бөктерлері мен таулы аймақтарында жауын-шашын, тұман, екпінді жел және көктайғақ күтіледі.
«10 қарашадан бастап таулы аудандарда жаңбыр мен қар болжанады, ал 11 қарашада негізінен қар түріндегі қатты жауын-шашын күтіледі. Осы кезеңде тұман мен екпінді жел болуы мүмкін, 12 қарашада – көктайғақ. Осыған байланысты қала тұрғындарына ауа райының күрт өзгеруін ескеріп, жылы киім мен су өткізбейтін аяқ киім дайындауды ұсынамыз. Жүргізушілер тұман мен жауын-шашын жағдайында, әсіресе тау жолдарында айрықша сақ болуы керек. Сапарға шығар алдында және тауға барарда ауа райы болжамын нақтылап, дауылды ескертулерді қадағалау қажет», – деді Гүлтансық Медеуова.
Алматыда 7-13 қарашаға арналған ауа райы болжамы:
7 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең – тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +16+18°С.
8 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +18+20°С.
9 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С.
10 қараша: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +18+20°С.
11 қараша: бұлтты, жауын-шашын, кейде қатты, негізінен жаңбыр түрінде. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы түнде және күндіз +5+7°С.
12 қараша: бұлтты, кейде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°С, күндіз +3+5°С.
13 қараша: айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +5+7°С.
Бұған дейін елдің кейбір өңірлерінде қатты жел, қар және түнгі үсік салдарынан дауылды ескерту жарияланғаны белгілі болды.
