...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда құрылыс компанияларына бақылау күшейтілді: төрт компания лицензиясынан айырылды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасы бойынша қалада құрылыс нарығында тәртіп орнату бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша төрт компания лицензиясынан айырылды, тағы 350 құрылыс компаниясының лицензиясының қолданысы тоқтатылды, ал құрылыс қызметінің 437 субъектісіне тиісті шаралар қолданылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік нысандарды салатын мердігерлердің жұмысына ерекше назар аударылды.

Мәселен, «SK BEST Spec Story KZ» ЖШС мемлекеттік жобалау лицензиясынан (I санат) айырылды. Сонымен қатар, «Отау-Құрмет» ЖШС, «ДО АО «КазНИИСА» ЖШС лицензияларынан айырылды, ал «Сәулет Құрылыс Консалтингі» ЖШС лицензиясының жеке түрінен айырылды.

Қала құрылысын бақылау басқармасы Алматыда тек біліктілігін растай алатын, белгіленген талаптарды сақтайтын және құрылыс сапасын тиісті деңгейде қамтамасыз ететін компаниялар ғана жұмыс істей алатынын атап өтті.

Өткен жылы сегіз құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылғанын айта кеткен жөн, олардың көпшілігі әлеуметтік нысандарды салумен айналысқан.

Дереккөз: Almaty.tv