Алматыда 6 қараша күні 10 балдық жол кептелісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
2GIS қосымшасының деректері бойынша, қала көшелерінің басым бөлігі қызыл түспен белгіленген. Кептеліс аясында бірнеше жол-көлік оқиғасы болып, ахуалды одан әрі қиындатты.
Telegram-дағы Almaty Today арнасы қалада дәл қазір 10 балдық кептеліс байқалып отырғанын жазды.
Кептелісте тұрған жүргізушілер қосымшада пікір қалдырып жатыр, алайда олардың көбісінде әдепсіз сөздер болғандықтан, редакция оларды келтіре алмайды.
«Ну почему пробка?», «Выходите на улицу», «Кандалы пробки были сняты», «Перекрыли? Кто скажет?», «Жизнь — это пробка», — деп жазады қала тұрғындары.
Бұған дейін Астана тұрғындары екі күн қатарынан кептеліске шағымданғанын жазған болатынбыз. Қазір астанада 8 балдық кептеліс қалыптасқан.
