...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Астана, Алматы және Шымкентте 30 маусым – 2 шілдеге ауа райы болжамы жаңартылды

Синоптиктер Қазақстан бойынша 30 маусым, 1 және 2 шілде 2026 жылы ауа райы болжамын жаңартты. Бұған дейін олар аптап ыстықтан кейін ауа температурасы +18°C-қа дейін төмендейтінін хабарлаған еді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Астана:

30 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +24+26°С.

1 шілде: айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +25+27°С.

2 шілде: айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С.

Алматы:

30 маусым: айнымалы бұлтты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 3-8, кейде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз қатты ыстық +33+35°С.

1 шілде: бұлтты, жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 3-8, кейде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +29+31°С.

2 шілде: айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 3-8, кейде екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +27+29°С.

Шымкент:

30 маусым: айнымалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +31+33°С.

1 шілде: айнымалы бұлтты, түнде қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.

2 шілде: айнымалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С.

Дереккөз: Zakon.kz