...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы «Барыс-4» базарында сауда ережесінің мыңнан астам бұзылуы анықталды

Алматыдағы ірі көтерме базарлардың бірі «Барыс-4»-те сауда ережесінің мыңнан астам бұзылуы анықталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған inAlmaty.kz-тің хабарлауынша, кешенді тексеруді сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мамандары Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен, мемлекеттік кірістер департаментімен және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның басқа мүшелерімен бірлесіп жүргізді.

Инспекторлар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесінің сақталуын, бағаның дұрыс қалыптасуын, баға белгілерінің болуын тексеріп, сондай-ақ өнімсіз делдалдарды анықтады.

Тексеру қорытындысы бойынша 1 025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 717-і — тауарды теңгемен бағасын көрсетпей сатқаны үшін, тағы 308-і — әлеуметтік маңызы бар өнімдерге рұқсат етілген 15 пайыздық сауда үстемесінен асып кеткені үшін.

Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 25 млн теңгеден асты. Сонымен қатар, өңірлік комиссия 18 өнімсіз делдалды анықтап, жойды.

Дереккөз: Inalmaty.kz