Алматыдағы ірі базарлардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесінде кәсіпкерлерге 25 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Тексеру қорытындысы бойынша 1025 әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 717-і – тауарлардың бағасын теңгемен көрсетпеу, ал 308-і – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген 15 пайыздық сауда үстемесінен асып кету фактілері бойынша.
Сонымен қатар, өңірлік комиссия жұмысы барысында 18 өнімсіз делдал анықталып, жойылды.
Тексеруді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, мемлекеттік кірістер департаменті және азық-түлік тауарларының баға белгілеу тізбегіндегі делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссияның басқа да мүшелерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Дереккөз: Zakon.kz