15 шілдеде Алматыда суық су беру 11 сағатқа тоқтатылады. Шектеу Аль-Фараби даңғылы, Есентай өзені, Тимирязев көшесі мен Ботаникалық бақ аралығындағы аумақты қамтиды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы Су» мәліметінше, 15 шілдеде сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін суық су уақытша тоқтатылады. Бұл су құбыры желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты. Шектеу аймағына Аль-Фараби даңғылы, Есентай өзені, Тимирязев көшесі және Ботаникалық бақ аумағы, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кампусы кіреді.
Кәсіпорын уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарды суды алдын ала жинап қоюды сұрады. Жұмыстарға қатысты сұрақтар бойынша қала тұрғындары 109 немесе 274-66-66 телефондары арқылы диспетчерлік қызметке хабарласа алады.
Дереккөз: Inalmaty.kz