
Алматыдағы үш ірі шағын аудан 20 мамыр 2026 жылы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін суық сусыз қалады. Бұл – су құбырларында жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарға ескерту жасады. Мамандардың айтуынша, профилактикалық жұмыстар аймақтағы сумен жабдықтауды тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Тұрғындарды уақытша қолайсыздықты түсіністікпен қабылдауға шақырамыз, – делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты 274-66-66 телефоны арқылы білуге болады. Сондай-ақ, 18 мамырдан 1 маусымға дейін Қонаев қаласында жылу желілерін гидравликалық сынауға байланысты ыстық су өшірілетіні ескертілді.
Дереккөз: Zakon.kz